Павлодар облысында оқушыны футбол қақпасы басып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар ауданындағы Красноармейск орта мектебінің алтыншы сынып оқушысының үстіне 100 кг тартатын футбол қақпасы құлаған. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлады.

Бұл жағдай бойынша «Сапасыз құрылыс» бабымен іс тіркелген. Полиция департаменті хабарлағандай, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аясында оқиғаның жай-жапсары анықталуда.

Ауыр бас-ми жарақатын алған бала облыстық балалар ауруханасында комада жатыр. Дәрігерлер баланы денсаулығы ауыр жағдайда деген баға берді. 
Алаңда ойнап жүрген балалардың мәліметінше, жарақат алған бала қақпаға асылып, тербеліп тұрғанда ол үстіне құлап кеткен.
Ойын алаңы апатты жағдайда болғандықтан бұған дейін кіру есігіне құлып салынған, алайда оны жұлып тастаған. Оқиға болған кезде құлып болмаған. Алаңның апатты жағдайда екенін ескертетін жазу да болмапты.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы