Павлодар облысында мектеп асханасындағы астан тоғыз бала уланған

Оқыс оқиға Шарбақты ауданындағы мектептердің бірінде орын алған. Оқушылардың уланғаны туралы ақпарат 9 қыркүйекте пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz.-ке сілтеме жасап.

Балалар жүрек айну, құсу, іш ауруы және дене қызуының көтерілуі сынды шағымдарға сәйкес аудандық ауруханаға жатқызылды. Бес бала амбулаториялық емделуге жіберілді, төртеуі облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

Санэпидемиологтардың айтуынша, балалар мектепте уланған.

Павлодар облысы білім беру басқармасының баспасөз қызметі аталған оқу орнындағы тамақтану қызметі "Абуев" ЖК-ға жүктелгенін айтады.

Қазіргі уақытта эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша жауапты адамдарға қатысты шаралар қабылданатын болады, - деді Павлодар облысының білім басқармасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы