Павлодар облысында мамыр айында жұмыртқа арзандаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде мамыр айында жұмыртқаның бағасы 3% арзандады. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
Өңірлік статистика департаментінің хабарлауынша, азық-түлік тауарлары бойынша жармалар 2,5%, қант 1,1%, көкөністер мен ет 0,9% қымбаттаған.
«Азық-түлік емес тауарлар нарығында зергерлік бұйымдарға және сағаттар 2,3%, киім мен аяқ киім 1%, тоқыма бұйымдары 0,4% қымбаттаған, - деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Сонымен қатар, көлік қызметтерінің бағаы 1,1% төмендеді. Павлодар облысында 2019 жылғы мамырда тұтыну бағаларының индексі 100,3% құрады. Азық-түлік тауарлары 0,3%, азық-түлік емес тауарлар 0,5%, ақылы қызметтер 0,2% қымбаттады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы