Павлодар облысында МӘМС аясында үш мыңға жуық операция жасады

Ертіс өңірінің дәрігерлері бір жыл ішінде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында ортопедия, офтальмология және оториноларингология бағытында 2685 операция жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Ал осы жыл басынан бері сақтандыру шеңберінде 1500-ден астам жоғарытехнологиялы ота жасалған. Соңғы жылдары жүрек, қан айналымы жүйесінің бұзылуы бойынша да инновациялық операциялар кең ауқымда жасала бастаған. Күрделі операциялардың басым бөлігі еліміз бойынша Павлодар облысында алғаш рет енгізілген.

Облыстық кардиологиялық орталық директоры Гүлжанат Джакованың айтуынша, дәрігерлер жүректің күрт тоқтап қалуын болдырмау мақсатындағы күрделі имплантациялау операцияларын қолға алған. Осындай хирургиялық әрекеттің құны 8 млн теңгеден асады.

Облыстық кардиологиялық орталықта былтыр МӘМС шеңберінде 317 жоғары технологиялық операция, ал осы жылдың алты айында 191 операция жүргізілді. Операциялар барлық сақтандырылған азаматтарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде көрсетіледі. Кейбір қымбат жоғары мамандандырылған медициналық операциялардың құны жарты миллион теңге тұруы мүмкін. Мәселен, травматология бойынша 1 млн 531 мың теңге болатын оталар бар. Болашақта өкпеэмболиясын аз инвазивті емдеужәне жасанды сол жақ қарыншаны орнату операцияларын енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл әдіс жүрек ауруларына шалдыққан адамдардың өмірін ұзартады, - дейді Гүлжанат Джакова.

Мамандардың айтуынша, сақтандырылған пациенттерге медициналық көмек тегін көрсетіледі. Айта кетейік, соңғы уақытта орталықтың инсульт бөлімі мамандарының көмегіне жүгінгендердің саны артқан. Науқастардың басым бөлігі – 35 жастан асқан ер азаматтар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы