Павлодар облысында коронавирус жұқтырған жаңа жағдай тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы облыстағы коронавирус жұқтырған науқас туралы хабарлады.
Сырқат 1970 жылы туған Павлодар тұрғыны. 10 сәуір күні жедел жәрдем бригадасы жеке қорғану құралдын қолдану арқылы, ЖРВИ белгілері бар әйел адамды уақытша госпиталге жеткізді. COVID-19-ға алынған тест теріс нәтиже көрсетті. Науқасқа өкпе қабынуы диагнозы қойылды. Емдеу хаттамасына сәйкес, өкпе қабынуы бар науқастардан 3-ші тәуліктен кейін қайта анализ алынады. 14 сәуір күні COVID-2019-ға алынған талдау қорытындысы оң нәтиже көрсетті, – делінген хабарламада.Әйел адамның сөзі бойынша, ол ешқайда шықпаған және коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болмаған.
Қарым-қатынас жасасқан тұлғалар анықталды, оларды оқшаулау бойынша жұмыстар жасалуда. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 33 адам тiркелді
Келесі жаңалық
Cиноптиктер 12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы