Павлодар облысында көлік апатынан екі бала зардап шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол-көлік оқиғасы Павлодарда және екіншісі Екібастұзда орын алды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Павлодарда Павлов көшесінде көлік екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

1984 жылы туған әйел жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, оң иық пен білектің соғылуы диагнозымен 1-қалалық ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ 2012 жылы туған қыз жабық бас сүйек-ми жарақаты және бас миының шайқалуымен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Бұдан бөлек Екібастұзда тағы бір бала зардап шекті. Екі көліктің соқтығысуы салдарынан үш адам - 1964 және 1989 жылы туған екі ересек адам және жеті жасар бала жарақат алды. Барлығы Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы