Павлодар облысында киіктерді қорғау шарасы басталады 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап өңірде киіктерді қорғауға арналған «Киік» кең ауқымды іс-шарасы басталмақ, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бір аптаға созылатын науқанның негізгі мақсаты – браконьерлерге қарсы күресті күшейту. Қызыл кітапқа енген киелі жануарлар Баянауыл және Май ауданындарында тіршілік етеді. Бүгінгі таңда олардың саны 8 мыңға жуықтаған. 

Фермерлер тарапынан ақбөкендердің жайылым жерлерді таптап жатқаны туралы ара-тұра шағымдар да айтылып жатады. Қазақстанда 2023 жылға дейін киік атуға мораторий жарияланған. 

Осы кезеңде  рейдтік шаралар өкізіліп, заңсыз аң аулаушыларға қарсы күрес күшейтіледі. Олардың мүйіздерін сату жолдары кесіледі. Қызыл кітапқа енген киіктерді қорғау жұмыстары  ерекше  бақылауға  алынған, - деп хабарлады облыстық ПД ресми өкілі Жанна Біләлова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы