Павлодар облысында кеніште жұмысшы қаза тапты

Павлодар облысында «Богатырь Көмір» компаниясының қызметкері жұмыс орнында болған апаттан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қайғылы апат туралы ақпаратты кәсіпорынның баспасөз қызметі растады. Оқиға 28 қаңтарда «Молодёжная» станциясында болған.

Суару қондырғысын дизель отынымен толтыру кезінде апат болды. Нәтижесінде ЖШС қызметкері жарақат алды. Жараланған адам Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді. Бірақ кейінірек қайтыс болды, – делінген хабарламада.

ЖШС арнайы тергеу аясында уәкілетті органдармен жұмыс істеп жатыр. Компания қаза болған қызметкердің жақындарына материалдық көмек көрсетілетінін жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін 2025 жылғы тамызда кәсіпорында локомотив машинисі тоқ соғып қаза тапқан болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы