Павлодар облысында қараусыз жүрген бір табынның иесі жауапкершілікке тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицейлер ірі қара малдарын қараусыз қалдырмауды сұрайды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, соңғы тәулікте патрульдік полиция ротасы 152 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Қарақұдық ауылы маңындағы Ленин – Ертіс – Русская поляна автожолында патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері жол жүрісіне кедергі болып, иесіз жайылып жүрген малды байқаған. Қысқа мерзімде мал иесі анықталды, оған қатысты ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК 40-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – дейді патрульдік полиция ротасы командирінің міндетін атқарушы Нұрлыбек Арынов.Кейін Қожамжар ауылына жақын маңда тас жолда тәртіп сақшылары ірі қара малдың басқа табынын анықтады. Иесі табылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, республикалық маңызы бар автожолдарда тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тәулік сайын патрульдік полиция ротасының 100-ге жуық инспекторы қызметке кіріседі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оразалин Ақтөбе қаласын абаттандыру жұмыстарын қарап шықты
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы