Павлодар облысында көктемгі егістік жұмыстары басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілер егіс алқаптарындағы жұмыстарын бастап кетті. 623,1 мың га астам жер аумағы ылғалдандырылды, 107,1 мың жер жыртылды, 78,3 мың га жер егістік алдындағы өңдеуден өтті.

Егістік жұмыстарына - 912 техника жұмылдырылды. Атап айтқанда ылғал жабуға -664, жыртуға -188, өңдеу жұмыстарына 78,3 мың техника. 12,2 мың га жер аумағына көпжылдық шөп, 30 га. аумаққа көкөніс (сәбіз) егілді.

Биылғы жылы егістік алқаптары 153,1 га ұлғайтылып, 1 млн 480,3 мың га жерді құрады, бұл былтырғы жылдың деңгейімен салыстырғанда 11,5% -ға артық. Негізгі басымдық жемшөптік дақылдарға беріліп, 140 мың га жерге егілу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, майлы дақылдар аумағы 30 мың га, картоп 1,5 мың га, көкөністер 700 га арттырылмақшы.

Егіс жұмыстарына техника толық дайын. Тұтас алғанда егіс науқанына 11 184 трактор, 182 егіс кешені, 1 274 сепкіштердің барлық түрлері жұмылдыру жоспарда.

Қазіргі уақытта 4,8 млрд теңгеге 118 дана техника, 3,2 млрд теңгеге 79 дана техника өз қаражаттарынан, 1,6 млрд тенгеге 39 дана техника "КазАгроҚаржы" АҚ есебінен алынды.

Өсімдік шаруашылығын қолдауға жергілікті бюджеттен 3,1 млрд теңге субсидия бөлінді "Агробизнес" және "Кең-дала" бағдарламалары бойынша "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы көктемгі егістік жұмыстарын жүргізу үшін 3,1 млрд теңгеге 100-ден астам жеңілдетілген несие беру жоспарланып отыр.

Карантин кезеңінде 2510 дана ауылшаруашылық техникасы мен көктемгі дала жұмыстарына тартылған 1370 адамның бекеттерден кедергісіз өту мәселесі шешілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы