Павлодар облысында індетпен 2,5 мыңға жуық маман күресіп жатыр
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде коронавирустық инфекцияны жұқтыру деректері азайып бара жатқанына қарамастан, алдыңғы шекпте 2,5 мыңға жуық медицина маманы еңбек етуде.
Сала мамандары карантин режимі жеңілдегеніне қарамастан, сақтық шараларын ұмытпауды сұрайды. Себебеі, жуырда ауру жұқтырудың жаңа деректері Баянауыл ауданында тіркелді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының мәліметінше, COVID-19 инфекциясы аудандық емхананың тіркеу бөлімінің қызметкері мен оның жолдасында анықталды.
Қазіргі уақытта емдеу мекемесі карантинге жабылды. Вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар анықталып, оқшауланды. Бүгінде 60 адам карантинде жатыр. Осыған байланысты ауданда сақтық шаралары күшейтілді. Алда демалыс маусымы тұр. Туристік науқанды уақытында бастап, қауіпсіздікті қамтамасыз ату мақсатында тиісті шараларды қолға алдық. ҚР бас санитарлық дәрігері қаулысының тоғызыншы қосымшасына сәйкес туристік орындардың басшыларымен кездесу өткізіп, хат жолдадық. Басты мақсат - санитарлық нормалардың бұзылуына жол бермеу, - дейді Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов.
Жағымды жаңалықтар да баршылық. Қазіргі уақытта ауруға шалдыққан павлодарлықтардың басым бөлігі дерттен айықты. Ем алғаннан соң жақындарының ортасына оралғандардың қатарында Марина есімді азамат бар.
Күндердің күнінде дене температурам көтерілді. Үш күн бойы өзім емделіп көрдім, бірақ төмендемей қойды. Кейін коронавирустық инфекция жұқтырғанымды білдім. Иіс сезу қабілетім жоғалып, бүйректерім қатты ауырды. Провизорлық госпитальде емделдім, кейін үй карантинінде болдым. Ауру айтып келмейтініне көзім жетті. Оған қоса жолдасым да ауырып қалды, - дейді Марина.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордадағы Байтұрсынов көшесі жөндеуге жабылды
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы