Павлодар облысында індет жұқтырған төрт адамның екеуі екібастұздық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында коронавирус жұқтырған жаңа төрт жағдай тіркелді, деп хабарлады Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы.

COVID-19 Павлодар қаласының екі тұрғынында, ол 1988 жылғы ер адам және 1995 жылғы әйел адамда, сондай-ақ індет Екібастұз қаласының 1955 және 1961 жылғы екі тұрғынында тіркелген. Барлық науқастар бұрын COVID-19 ауырғандармен байланыста болған. Жедел жәрдем қызметімен 19 сәуірде ауруханаға жеткізілген, инфекциялық госпитальға ауыстырылды, - делінген ақпаратта.
Барлық жағдай бойынша байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталып жатыр, оларды оқшаулау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр.

Бүгінгі таңда Павлодар облысында короновирус жұқпасының 26 жағдайы тіркелген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы