Павлодар облысында індет жұқтырған 2 адамның бірі ешкіммен байланыспаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған екі жаңа оқиға тіркелді. Бұл туралы Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
Оның бірі - 1949 жылы туған Екібастұз қаласының тұрғыны және 1978 жылы туған Павлодар қаласының тұрғыны. 1949 жылы туған ер адам бір күн бұрын провизорлы госпитальға жеткізілді. Пациенттен COVID-19-ға талдау алынды. Алынған талдау оның вирус жұқтырғанын растады. Ер адамның айтуы бойынша ол өзінің бес күн бойы ауырып жатқанын, медициналық көмекке жүгінбегенін айтты - делінген хабарламада.
1978 жылы туған үй шаруасындағы әйел адам.
15 сәуір күні ЖРВИ диагнозымен провизорлы пульмонологиялық госпитальға жеткізілді. Пациенттен COVID-19-ға талдау алынды. Алынған талдау оның вирус жұқтырғанын анықтады. Әйел адамның айтуынша шет елдерге шықпаған, КВИ-мен ауырған адаммен қарым-қатынаста болмаған - дейді мамандар.
Екі жағдайда да олармен қарым-қатынаста болған тұлғаларды анықтап, оқшаулау бойынша жұмыс жүргізілуде. Эпидемиологияғы қарсы іс-шаралар жалғасуда.