Павлодар облысында халық санағының онлайн кезеңінің қорытындысы шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық санақтың 15 қазанда аяқталған онлайн кезеңіне өңірдің 313966 тұрғыны қатысты, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Ұлттық статистика бюросы Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, онлайн режимде сауалдарға Павлодар облысы тұрғындарының 41,9%-ы жауап берген.
Санақтан өтіп үлгермеген тұрғындарға интервьюерлер келеді. Санақтың екінші кезеңі 1-30 қазан аралығында өтеді. Барлық тұрғынды санаққа белсенді қатысуға шақырамыз, – дейді департаментте.Еске сала кетейік, өңірде ұлттық санақ жүргізетін адамдардың 80 пайызы бірінші күні жұмыс істеуден бас тартқан. Оған жалақының төмендігі, халықтың теріс көзқарасы, сондай-ақ әлеуметтік желілерде, жергілікті пабликтерде жалақы төлемеу туралы арандатушылық жарияланымдар себеп болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы