Павлодар облысында "Газель" жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
26 қаңтар күні Павлодар облысындағы Шарбақты ауылының маңында, Омбы – Майқапшағай автожолында жаяу жүргіншіні көлік қағып, соның салдарынан адам өлімі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, "Газель" автокөлігінің жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған ер адамды қағып кеткен. Алған ауыр жарақаттарының салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды, - деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаменті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еңбек министрі болып Асқарбек Ертаев тағайындалды
Келесі жаңалық
Рекорд: Елдегі депозиттердің негізгі бөлігі 5 банкте жатыр
Өзгелердің жаңалығы