Бүгiн 2026, 05:54 Фото: pixabay

Павлодар облысында газ баллоны жарылып, үш адам зардап шекті

Зардап шеккендердің барлығы Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілді.

Павлодар облысында жеке тұрғын үйде газ баллонының жарылуы салдарынан үш адам зардап шекті. Оқиға газ-ауа қоспасынан тұтанып, артынша өртке ұласқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2026 жылғы 6 сәуірде "Павлодар-онлайн" басылымының мәліметінше, өрт Ақсу қаласында болған. Ақпаратты өңірлік ТЖД растады.

Жамбыл көшесіндегі жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасы тұтанып, кейін өрт шықты. Баллон көлемі 10 литр болған. Үйдің дәлізінде тұрмыстық заттар мен жиһаз жанып, от кейін шатырдың ағаш конструкцияларына таралған, – деп хабарлады ТЖД.

Төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен өрт жедел түрде сөндірілді. Оқиға орнына 9 қызметкер мен 3 техника бірлігі жұмылдырылды.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, оқиға салдарынан үш адам зардап шекті: 1970 және 1972 жылы туған әйелдер түрлі дәрежедегі күйік алған, сондай-ақ 32 жастағы ер адам қолынан жарақат алған. Зардап шеккендердің барлығы Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілді.