Павлодар облысында экологиялық ахуалды жақсарту үшін не істеліп жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Орталық коммуникациялар қызметінде халық алдында есеп беру кездесуі кезінде айтты.

Ол қоршаған ортаны қорғау облыс үшін аса маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтті.

Біз кәсіпорындармен, экологиялық белсенділермен және профильді министрлікпен бірқатар бағыт бойынша кешенді жұмыс жүргізудеміз. Осылайша, алюминий зауытында гибридті электр фильтрлерін іске қосу шаң көлемін жылына 2,4 мың тоннаға дейін төмендетті. 10 жылдық бағдарлама тағы 55 мың тоннаға қысқартуды көздейді. Осыған ұқсас технология Ақсу қаласында «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» акционерлік қоғамы электр станциясының энергия блоктарында да енгізілуде, сондай-ақ Қазақстандық электролиз зауытының цехтарында жеңдік сүзгілерді ауыстыру жүргізілуде. Бұдан басқа, кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймақтарында көгалдандырудың үлесі өсуде. Осы жылы 28 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылады. Экологиялық мониторинг саласында автоматтандыру жалғасуда, - деді ол.
Облыс әкімінің айтуынша, екі аптадан кейін күшіне енетін Экологиялық кодекске үлкен үміт артылып отыр.

Атап айтқанда, бұл кәсіпорындардың ең озық қолжетімді технологияларға көшуіне байланысты. Облысымыздың экологиялық ведомстволары мен қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері жаңа өзгерістерді талқылауға тікелей қатысқанын атап өтемін, - деді ол.

Еске салсақ, Сқақов ауылдық бизнесті дамытуға арналған өңірлік бағдарлама туралы айтып берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы