Павлодар облысында екі оқушы суға батып, қаза болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. VITA Павлодар қаласының іздеушілер жасағы іздеу жұмысының аяқталғанын мәлімдеді. Вячеслав пен Александр суға батып кеткен, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Балалар өлі күйде табылды. Олар суға түсер алдында заттарын қалдырған орыннан он шақырымдай жерден табылды. Еріктілер балалардың бірі суға бата бастап, ал екіншісі досын құтқаруға тырысып, ақыры екеуі де көз жұмды деп болжайды.

Отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз, - деп жазды іздеу жасағы Instagram парақшаларында.
Еске салайық, кеше сағат 16:00-де 2005 жылы туған екі оқушы Екібастұздағы жаңа көпірдің жанындағы қазаншұңқырға шомылуға кеткен. Кешкі сағат жеті шамасында олардың заттары жағадан табылды. Іздеуге жүзден астам адам қосылды: полиция қызметкерлері, құтқарушылар және еріктілер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы