Павлодар облысында демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыста 11 және 12 шілдеде карантин күшейтіледі, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиевтің жаңа қаулысы жарияланды.

Осы құжатқа сәйкес, демалыс күндері 11 және 12 шілдеде қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады.

2020 жылдың 11-12 шілде демалыс күндері қоғамдық көліктердің (автобустар, трамвайлар және маршруттартық таксилер) және серуендейтін өзен көлігінің жұмысы тоқтайды. Қаулы 11 маусымда сағат 00-де күшіне енеді, - делінген құжатта.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы