29 Қараша 2026, 01:10
Фото: pexels.com
Павлодар облысында боранға байланысты Ресей шекарасына апаратын жол жабылды
Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты сағат 23:00-ден бастап көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Павлодар облысында Ресей шекарасына дейінгі тасжолда көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Алдын ала болжам бойынша, жол 29 қараша күні сағат 06:00-де ашылады.
Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты сағат 23:00-ден бастап көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.
Шектеу Атамекен – Ертіс – Ресей шекарасы автожолының 0-ден 263-шақырымына дейінгі учаскесіне, яғни Атамекен ауылынан Ресей шекарасына дейінгі аралыққа қатысты.
Жолдардың жағдайы туралы қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 нөмірі арқылы алуға болады.