Павлодар облысында бизнес субъектілеріндегі тексерістер 23%-ға көбейген
Павлодар облысында шағын және орта бизнес субъектілерінде жүргізілген тексерістер саны 23%-ға көбейген, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаментінің бөлім басшысы Асхат Қарашашевтың айтуынша, кәсіпкерлер арасында бизнесмендерді тексеру қандай жағдайда және тексеріс жүргізуге құқыға бар органдардың қызметі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Жыл басынан бері облыста 1700-ден астам тексеру жүргізілді. Бұл өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне қарағанда 51%-ға көп. Тексерістердің 700-ден астамы жеке кәсіпкерлер арасында жүргізілген. Яғни, көрсеткіш 23%-ға артып отыр. Ірі, шағын, және орта, сонымен қатар, микро бизнес нысандарында да тиісті жұмыстар жүргізілген. Біздің орган кәсіпкерлерді негізсіз тексеру жүргізуден қорғау мен осы тектес фактілерді алдын алумен айналысады. Бұл – қызметіміздегі басым бағыттардың бірі. Департамент жарты жыл ішінде тексерулерді тіркеуден бас тарту бойынша алты қорытынды шығарды. Мәселен, облыстық мемлекеттік кірістер басқармасы заңнама талаптарын бұза отырып, тексеру жүргізген. Осы тектес деректер тіркеліп жатыр. Бұған жол берген лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тертылд», - дейді Асхат Қарашашев.
Сонымен қатар, жауапты ведомство үш заңсыз тексеруді анықтап, бұған жол бергендерді әкімшілік жауапқа тартты. Ал өткен жылы өңірдің кәсіпорындарында небары 540 тексеру шарасы қолға алынып, 300-ден астам заңбұзушылық анықталған.
Айта кетейік, елімізде үстіміздегі жылдың қаңтарында шағын және орта бизнесті тексеру жөніндегі мараторийдің мерзімі аяқталды. Еске сала кетсек, құжат 2019 жылы қабылданды.