Павлодар облысында бірқатар мектептерге Алаш арыстарының есімдері беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірдегі 12 мектепке қазақтың белгілі тарихи тұлғаларының есімі берілуі мүмкін, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл турады«Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Павлодар қаласындағы №20 мектеп-лицейіне – Әлихан Бөкейханның, №34 инновациялық мектебіне – Ахмет Байтұрсынұлының, №1 мектебіне – Малайсары батырдың, №23 мектебіне – Рафика Нұртазинаның, №16 мектеп-лицейіне – Аманжол Шамкеновтің, №9 гимназия-мектебіне – Шапық Шөкиннің, №28 мектепке – Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, №19 мектепке – Мәшһүр Жүсіптің, №37 мектепке Жұмабек Тәшеновтің есімі берілсін, – делінген Үкімет қаулысында.

Сондай-ақ Ақсу қаласындағы №1 қазақ орта мектебіне – Ыбырай Алтынсариннің, №2 мектебіне – Абайдың, Ақсу қаласындағы дарынды балаларға арналған гимназия Қаныш Сәтбаевтың есімін беру туралы жазылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы