Павлодар облысында бір колледж түлектерінің 82%-ы жұмыс тауып алды
Павлодар облысындағы ақпараттық технологиялар колледжін тәмамдаған түлектердің басым бөлігі жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
Мамандардың айтуынша, бұл – бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Жас мамандар қолдарына диплом алмай-ақ, жұмыс берушілерден ұсыныс алған. Биыл білім беру ошағынан 300-ге жуық жас түлеп ұшты. Олардың қатарында айти-мамандары, менеджерлер мен электриктер бар.
Дарынды жастардың ішінде жұмысшы мамандықтар арасындағы WorldSkills Kazakhstan, «Үздік маман» сияқты ауқымды байқаулардың жеңімпаздары жетерлік. Кейбіреулері мамандықтары бойынша Сәтбаев университетінің білім беру грантыр ұтып алған.
Екі қолға бір күрек тапқан түлектеріміз колледжіміздің серіктес кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтіп, дуалды білім беру жүйесі бойынша оқыды. Сондықтан, тұрақты жұқмыс орны табылды. Бүгінгі таңда біз өңірдің 100-ден астам өндіріс кәсіпорынмен ынтымақтастық көкжиегін кеңейтіп үлгердік. Айти-мамандар экономиканың кез келген саласына қажет. Кәсіпорын мен колледж арасындағы серіктестік шеңберінде оқу бағдарламалары әзірленеді. Ал студенттеріміз ақылы тәжірибеден өті мүмкіндігіне ие. Біз еңбек нарығының сұранысына сай маман даярлауды мақсат етеміз. Осылайша, серіктестіріміздің кадрлық тапшылық мәселесін шешуге атсалысамыз. Бұл - білім алушылар үшін тамаша мүмкіндік, - дейді ақпараттық технологиялар колледжінің жетекшісі Серік Джартыбаев.
Айта кетейік, облысты соңғы үш жыл ішінде жұмысшы мамандықтарды таңдаған жастардың саны 5 мыңға артты. Қазіргі уақытта 23 мыңнан астам қыз-жігіт облыстың колледждерінде білім алып жатыр.