Павлодар облысында билікте отырған әйелдердің саны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова Қазақстанның шығыс және орталық облыстарының өңірлік форумында айтты.

Қазіргі уақытта әйел адамның қоғамдағы рөлі орасан зор. Олардың қатарында аналар ғана емес, сондай-ақ іскер әйелдер мен басшы тұлғалар да бар. Еліміздің даму болашағына өзіндік үлесін қосуда нәзік жандылардың орны айрықша. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде елімізде әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті дамыту бағытында көптеген әлеуметтік-маңызды жоба жүзеге асырылды, - деді ол.

Құрманова атағандай, облыста әйелдер саны 394,7 мың адам, бұл жалпы халықтың 52,6%-ын құрайды.

Биліктің жергілікті органдарындағы әйелдердің үлесі бұл шақырылымда 33%-ға дейін ұлғайтылды, оның ішінде 34,4%-ы облыстық мәслихатта. Сондай-ақ 2 әйел аудандық мәслихаттың хатшысы. Мемлекеттік қызметші әйелдердің саны - 2903, бұл 65,9%-ды құрайды, - деді әкімнің орынбасары.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы