Павлодар облысында Бэтти атты қызметтік ит ұрланған ақшаны табуға көмектесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Май ауданының тұрғыны өз үйінен 50 мың теңге ақшалай қаражат жоғалып кеткені туралы шағымданды, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
«Шақыртуға полиция кіші сержанты Жұмажан Құнанбаев қызметтік-іздестіру итімен барды. Бэтти атты полиция көмекшісі бірден ізге түсіп, 23 жастағы жергілікті тұрғынның ақшасын ұрлаған күдіктінің үйіне әкелді. Ұрланған ақша сол жерден табылды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.Қылмыстың ізін суытпай ашуға күнделікті жаттығулар, әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану септігін тигізді. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Волейболдан Азия чемпионатында қазақстандықтар екінші орын алды
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы