Павлодар облысында балалар тағамын өндіретін зауыт салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында ұлыбританиялық United Green компаниясы 2019-2021 жылдарында балалар тағамын өндіретін зауыт және 10 000 басқа арналған сүтті-тауарлы фермалар салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында ұлыбританиялық United Green компаниясы 2019-2021 жылдарында балалар тағамын өндіретін зауыт және 10 000 басқа арналған сүтті-тауарлы фермалар салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
Облыс орталығында «United Green» компаниясының вице-президенті Амин Аджами бастаған бір топ инвесторлармен кездесу өтті.
«Кездесу шеңберінде өңір басшысының орынбасары Қайрат Нүкеновтың бастауымен қонақтар Железин ауданының «Пахарь» ШҚ ЖШС, Ақсу қаласының ауылдық аймағындағы «Үштерек и К» ЖШС, Павлодар ауданының «Жаңа-Қала» ШҚ, «Киров» ЖШС, Тереңкөл ауданының «Астык-ПВ» ЖШС ауыл шаруашылық кәсіпорындарына барды. Жобаның мақсаты – сүтті жоғары технологиялық қайта өңдеу, балалар тағамының импортын алмастыру және Қазақстанда сүт кластерін дамытуды ынталандыру. Инвесторлар біздің саламыз бойынша жобаны іске асыруға ниет танытты. Біз өз кезегімізде барлық қолдауды көрсетудеміз», - деді ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Сәдібеков.
Айта кетейік, инвестиция құны 125 млн АҚШ долларын құрайды. Бұл жоба KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы арқылы «Павлодар» ӘКК» АҚ-ның сүйемелдеуімен жүзеге аспақ.
United Green – ірі инвестициялық компания. Компанияның жылдық айналымы шамамен 500 миллион АҚШ долларын құрайды, балансы – 850 миллион АҚШ доллары, активтердің таза құны 650 миллион АҚШ доллары. Мұнда 1350 қызметкер жұмыс жасайды. Негізгі бағыттары – энергетика, жылжымайтын мүлік және азық-түлік.
- Каспийдегі қаза: әскери қызметшілердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетілді 21:08
- Астанада оқушылар аялдаманың бейнебақылау камерасын сындырды 20:54
- Маусымдық тұмау Қазақстанның екі өңіріне жетті 20:29
- Оралда екі жасөспірім биіктен құлап қаза тапты: Полиция тергеуді бастады 20:13
- Бордақылау алаңын салғысы келген инвесторға кедергі келтірген әкім жауапқа тартылды 19:47
- Энергетикадан ЖИ-ге дейін: Саясаттанушы ТМД-дағы ынтымақтастықтың басымдықтары туралы айтты 19:29
- Әзербайжанда 14 оқушы сабақта дайындаған гамбургерден уланып қалды 19:08