Павлодар облысында бала асырап алушы ата-аналар саны өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тереңкөл ауданында балалар үйі тәрбиеленушілер санының азаюына байланысты жабылды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Өңірлік білім басқармасының мәліметінше, 2021 жылдың басынан бастап Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылынан жеті бала ата-анасын тапты. Соңғы үш жылда бұл жерден 70 ұл мен қыз отбасына асырап алынған.

Олардың арасында Екінші Павлодарда жеке үйде тұратын Валерий мен Наталья Богдановтар бар.

Балаларды алу үшін бір жылдай уақыт кетті, сұхбаттасу, тексеру, құжаттар жинау рәсімдерінен өттік. Асырап алушы ата-аналар курсына қатыстық. Бұл психологиялық тұрғыдан үлкен көмек. Балалармен қалай әрекет ету керек, назар аударудың қаншалықты маңызды екенін үйретті, - дейді 40 жастағы Валерий Богданов.
Богдановтар бірден төрт баланы - Иванның ағалары мен әпкелерін Максим Мария және Каринаны қабылдауға шешім қабылдады. Бұл балалар жетім қалған. Әкесіз қалғандарына көп уақыт өткен, ал анасы бір жыл бұрын қатерлі ісіктен қайтыс болған.
Менің ағаларым әкеме көмектеседі, ауладағы қарды тазалайды. Карина екеуміз анамызға ас үйде көмектесеміз, тәттілер дайындаймыз, бірге сурет салуды үйренеміз, - дейді 10 жасар Мария Криммель.

Соңғы үш жылда өңірде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың саны 25,6%-ға қысқарды. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы