Павлодар облысында автобус аударылып, бір адам қаза тапты
Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан бір жолаушы қаза тауып, алты адам түрлі дене жарақатын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметке сәйкес, 7 қараша күні «Павлодар – Қызылорда» автожолының Шідерті кентінен шамамен 10 шақырым жерде рейстік автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлікті жол жиегіне аударып алған.
Қазіргі уақытта полиция аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауды және көлік құралдарының техникалық жағдайына мұқият болуды ескертеді. Сондай-ақ, ауа райының қолайсыздығын ескеріп, сақтық шараларын арттыру қажеттігі атап өтілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ауа райы қолайсыз: бірнеше облыста жолдар жабылды
Өзгелердің жаңалығы