Павлодар облысында ауа райына байланысты жол жабылды

Павлодар облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 2025 жылғы 2 желтоқсан күні сағат 21:30-дан бастап республикалық маңызы бар «Атамекен – Ертіс – РФ шекарасы» автожолының 0-100 шақырым аралығы (Атамекен – Ақтоғай) барлық көлік түрлері үшін жабылды, - делінген хабарламада.

Жолды 3 желтоқсанда сағат 07:00-де ашу жоспарланып отыр.

Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 нөмірі арқылы білуге болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы