Павлодар облысында астық жинауға 21 мың тонна дизель отыны бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шілде және тамыз айларына дизель отынын алу үшін 11 278 тоннаға немесе 88%-ына өтініш түскен, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
"4 851 тоннасы немесе 38%-ы төленді және 3 389 тоннасы немесе 26%-ы шығарылған. Операторлық қызмет көрсетуді есепке алғанда бір тоннасы 206500 теңге немесе литрі 171 теңге", - деді облыстық әкімдікте өткен аппарат жиынында өңірлік ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрлан Сәдібеков.Басқарма басшысы астық егетін Успен және Ертіс аудандарында арзандатылған дизель отынын төлеу 25% көлемінде баяу жүргізіліп жатқанын атап өтті.
"Сонымен қатар, Май және Аққулы аудандарында 25-15%-ы ғана төленді. Бұл қос ауданда айтарлықтай ауқымды астық дақылдары жоқ. Осыған байланысты бөлінген арзандатылған дизель отыны төлемақысын уақытылы жүргізу қажет", - деді ол.
Еске сала кетейік, биылдан бастап ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жұмысын жылдамдату мақсатында арзандатылған дизель отынын ұсынатын екі оператор бекітілген. Көктемгі дала жұмыстарын өткізу үшін 18,6 мың тонна дизель отыны бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен екі мың тоннаға артық. Оның ішінде наурыз айына – 7 000 тонна, сәуірге – 6 600 және мамыр айына 5 000 тоннадан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бізді қатты алаңдатып отыр – ІІМ вице-министрі
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы