Павлодар облысында әскери міндеттілердің дайындығы тексерілді

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының құрамына кіретін аумақтық қорғаныс бригадасында жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес резервтегілердің жиыны өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Пысықталған сызба бойынша аумақтық қорғаныс бригадасы жауынгерлік әзірлікке келтірілді. Шартты пункте тіркелген жеке құрамды қабылдау жүргізілді. Әскери міндеттілердің жұмысы теориялық мәселелерді зерделеуден басталды.   

Тіркелген құрамы бар сабақтар теориядан практикаға алгоритмі бойынша құрылды. Аумақтық қорғаныс батальонының командалық құрамы батальон командирі майор Ержан Мұсабековтың басқаруымен кәсіби түрде жұмыс істеді. Оқыту әдістемелік жағынан да сауатты ұйымдастырылды. Сондықтан, біріншіден, әскери тәртіп пен қауіпсіздік шараларын бұзудың бірде-бір фактісіне жол берілген жоқ, екіншіден, практикалық іс-қимылдарды пысықтау кезінде әскери міндеттілер жақсы нәтижелер көрсетті, – деп жоспарлы іс-шараны қорытындылады бригада командирі полковник Асқар Рыспаев. 

Жауынгерлік даярлық пәндерінен практикалық сабақтар барысында әскери міндеттілер штаттық қарудан оқу және бақылау атыстарын орындады. 

Әскери жиындар – әскери тәжірибені қайта еске түсіру. Ең алдымен, сенің халықтың бірі ғана емес, Отан қорғаушы екеніңді білдіретін тәжірибе. Резервтегілердің атынан әскери бөлімнің жеке құрамына сабақтарды сапалы ұйымдастырғаны үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді, – деді запастағы әскери міндетті ефрейтор Арыстанбек Сейітов. 

Жиын «Мичурино» полигонында тактикалық-арнайы оқу-жаттығуды орындаумен аяқталды. Ротаны үйлестіру кезеңінде маңызды объектілерді күзету және қорғау, тосқауыл-бекетіне шартты қарсыластың шабуылын тойтару бойынша жеке құрамның практикалық іс-қимылдары пысықталды

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қорғаныс министрлігі
Өзгелердің жаңалығы