Павлодар облысында арнайы техника байқауы өтті
2023 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Павлодар облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары аумағында Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Шаймарденов су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жою үшін тартылатын Департаменттің арнайы техникасына байқау өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі өздерінің телеграмм каналында мәлімдейді.
Төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін су тасқыны салдарын жоюға күштер мен құралдар топтамасы дайындалды, оған 1 702 адам, 616 бірлік техника, 42 жүзу кұралдары, 201 мотопомпа кірді, оның ішінде бүгін Павлодар облысы ТЖД күштері мен құралдары тексерілді:183 адам, 54 бірлік техника, 11 бірлік жүзу құралдары, 68 мотопомпалар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қазақстандағы құқықтық мәдениет деңгейі қандай?
Өзгелердің жаңалығы