Павлодар облысында қант зауыты салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде Қазақстанда қант зауытын салу ұсынысы бойынша жиын өтті.

Кездесуде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров, Павлодар облысы әкімінің орынбасары А.Батанов және "Kayseri Seker Fabrikasi" түрік компаниясының басшылығы қатысып, Павлодар облысында қант зауытын салу мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысының бірқатар тауарларды, оның ішінде қант өнімдерін импорттауды алмастыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес министрлік қант өндірісін дамытудың 2018-2027 жылдарға арналған салалық бағдарламасын жүзеге асыруда.

Кездесу барысында түрік компаниясы тарапы Қазақстанның қант қызылшасы өндірісін дамытудағы, елді отандық қантпен қамтамасыз етудегі, сондай-ақ экспортты дамытудағы үлкен әлеуетін атап өтті.

"Зауыт құрылысы қант импортының үлесін қысқартуға және отандық шикізаттан қажетті қанттың 40% өндіруге мүмкіндік береді. Бұл жоба Павлодар облысының фермерлік шаруашылықтарын дамытуға, суармалы жерлерді тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Жобаны іске асыру арқылы қант қызылшасын өсіру, оны ұзақмерзімді сақтау және өңдеу әдістері бойынша әлемдік озық елдердің білім беру жүйлері мен технологиялары енгізіледі", -  делінген хабарламада.

Ағымдағы жылы Павлодар облысында жоспарланып отырған зауытты шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында қант қызылшасының тұқымдарын эксперименттік себу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қант өндіруге арналған стандарттарға сәйкес сапалы өнім алынды.

"Kayseri Seker Fabrikasi" компаниясы бүгінде Түркияда ең жоғары өнімділігі бар қант зауыттарын біріктіріп отырған ірі компания болып табылады. Кәсіпорын жыл сайын 460 мың тонна ақ қант пен 88 мың тонна мелассаны өндіру үшін қант қызылшасын қайта өңдеуді жүзеге асырады.

2018 жылдың қорытындысы бойынша Kayseri Seker Fabrikasi жалпы кіріс соммасы 600 млн долларды құрады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде БҰҰ күні өтті
Өзгелердің жаңалығы