Павлодар облысында алғашқы педагогикалық сыныптар ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар педагогикалық университеті мен Баянауыл аудандық білім бөлімінің М.Әуезов атындағы орта мектебі қосымша білім беруді дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, 8-9 және 10-11-сынып оқушылары үшін облыста алғашқы педагогикалық сыныптарды ашты, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.
М.Қанапьянов атындағы жоғары колледж директоры Гүлнар Мусанованың айтуынша, педагогикалық сынып оқушылары Павлодар педагогикалық университетінің оқытушылар құрамымен бірге бірлескен жобаларға, байқауларға, конференцияларға қатысып, өзін-өзі танып, қабілеттерін ашуға, мүмкіндік алады.
Ең бастысы, олар өздерінің жеке ұмтылыстарына, қабілеттеріне сәйкес келетін маңызды кәсіби таңдау жасай алады және колледжге немесе университеттегі педагогикалық мамандықтарды таңдап оқуға түседі, - деді Гүлнар Манатқызы.Павлодар педагогикалық университеті педагогика жоғары мектебінде алғашқы сабақтарды өткізді. Мұндай сабақтар айына бірнеше рет өткізілетін болды. Оқытуды әртүрлі форматта және облыстың үздік тәжірибелі мұғалімдерін шақырумен өткізу жоспарлануда.
Алғашқы сабақтардың нәтижелері бойынша ең белсенді оқушыларға шағын сыйлықтар табыс етілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Талғарда мас жүргізуші жол жиегінде тұрған қызды қағып кетті
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы