Павлодар облысында әлеуметтік шеберхана ашылды

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысындағы Торайғыров университеті жанынан экологиялық таза ойыншықтар өндірісі іске қосылды. Шағын цех әлеуметтік бағытта жұмыс істеуді көздеп отыр.

Бұл - аймақта қолға алынған әлеуметтік кәсіпкерлік жобаларының алғашқысы. Қазіргі уақытта шеберханада алты адам жұмыс істейді. Олардың төртеуі - мүмкіндігі шектеулі азаматтар санатынан.

Жоба авторы Эмир Әскеровтің айтуынша, 2015 жылы бастау алған жобаның басты мақсаты - әлеуметтік әлжуаз топтарға жататын тұрғындарды жұмыспен қамту.

 

«GreenTAL» атты жоба шеңберінде еліміздің түкпір-түкпірінде өндірістік кластерлер құрылған. Яғни ағаш, тігін, киіз басу, дәнекерлеу, полиграфия және қолданбалы өнер бағытындағы цехтар ашылған. Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жоба аясында 90-ға жуық адам екі қолға бір күрек тапты. Ал биыл филиалдарымызда аймақтарда аша бастадық. Павлодар - алғашқы аймақ. Торайғыров университеті мен кәсіподақ ұйымдарының қолдауымен бізге ғимарат ұсынылды. Цех ағаштан балалар ойыншықтарын жасауға бағытталған. Ерекшелігі сол - ойыншықтарды бұзып, жинауға болады. Жиынтықтар барлық элементтер қарастырылған, - дейді Эмин Әскеров.

Ағаш өнімдер бірінші кезекте мектепке дейінгі мекемелер мен дүкендерде сатылады. Басты мақсат - ішкі нарықты қамту. Ал сыртқы нарық келешектің еншісінде. Қазіргі уақытта дайын өнім қоймаларда жинақталуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бір айдан соң бұйымдар сауда айналымына шығады.


Жұмысқа мүмкіндігі шектеулі азаматтар, бұрын сотты болғандар, аз қамтылған отбасылардың өкілдерін аламыз. Олар жобаның бағыттары бойынша курстардан өтіп, жаңа мамандықты игері мүмкіндігіне ие. Павлодар облысы бойынша тағы 57 адам жұмысқа кезекте тұр. Оларға көмектесуге тырысамыз, - дейді жоба авторы.

Шеберхана қызметкерінің жалақысы - 58 мың теңге. Шебер санаты бар жұмыскердің айлығы 70 мың теңгені құрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы