Павлодар облысында алғаш рет мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында зертхана ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақсу орталық ауруханасы мен емханасының базасында санитарлық-эпидемиялық нормаларға сәйкес жеке кіреберіспен зертхана ашылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.


Зертхана ашу жобасы 2018 жылдан бастап жоспарланған.
Павлодар облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында Ақсу орталық ауруханасы мен емханасының базасына орынжайды қайта құру және жабдықтарды жаңғырту үшін жоба орындалды. Бұл жоба биоматериалдарды алу, талдау және оларды пациенттерге беру үшін жаңғыртылған зертхана болып табылады. Зертхана санитарлық-эпидемиялық нормаларға сәйкес жеке кіреберіспен жасалды. Зертхананың жалпы ауданы 500 шаршы метрден асады. Аталған мемлекеттік-жеке меншік әріптестік сомасы 62 миллион теңгені құрайды. Шарт мерзімі - 10 жыл, - дейді денсаулық сақтау ұйымының стратегиялық даму және инновациялық технологиялар бөлімінің басшысы Арман Исақаев. 

Келісімшарт бойынша мемлекет тарапынан – зертхана орналасқан аумақ, жеке кәсіпкер тарапынан халыққа медициналық қызмет көрсету кіреді. Яғни, жекеменшік иесі жабдықты орнатып, ғимаратты қайта құрды. Барлық зертханалық зерттеулерді жеке кәсіпкер жүргізеді. Келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін бұл жабдық пен ғимарат мемлекеттік меншікте қалады.

Биохимиялық анализатор, гематологиялық анализатор және зәр анализаторы сияқты жабдықтар сатып алынды, Бұл жабдық ауруды немесе инфекцияны сапалы және уақтылы анықтап, пациенттерге жалпы талдау жасау үшін қолданылады. Бағалардың барлығы прейскурант бойынша қойылды. Зертхана 24 сағат жұмыс істейді, - дейді бөлім басшысы Арман Исақаев. 

Бұдан басқа, Павлодар ауданындағы ауылдық дәрігерлік амбулатория зертханасының жабдығы 15 млн теңгеге жаңартылды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Павлодар облысында ПТР-ға тест-талдауларды Ұлттық сараптама орталығы тәулігіне 500 тестке дейін жүргізеді. Сондай-ақ, аудандарда қосымша ПТР-зертханалар ашылды. Бұл - Шарбақты және Тереңкөл аудандары. Онда халық ПТР тестін анықтауға жүгінуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы