Павлодар облысында 74 адам медициналық бақылауда
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың деректері тіркелген жоқ. Дегенмен, алыс-жақын шет мемлекеттерден келген азаматтар дәрігерлердің бақылауына алынды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мақпал Қаржаубайдың мәліметінше, бүгінгі жағдай бойынша 74 адам медициналық бақылауға алынған.
Сонымен қатар, 23 азамат стационар жағдайында бақылауда. 28 павлодарлық үй карантинінде болса, тағы 23 азаматтың жағдайы телефон арқылы бақылануда. Қазіргі уақытта облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты сипатқа ие, - дейді Мақпал Қаржаубай.Облыста коронавирустың таралмауына жол бермеу мақсатында өңірлік комиссия құрылды. Мамандар тиісті шаралар жоспарын құрып, жүзеге асырып жатыр. Нақтырақ айтқанда, 500-ден астам медицина қызметкері коронавирустық инфекцияның алдын-алу, диагностикалау және емдеу оқуларынан өтті.
Сонымен қатар, әлемдегі қауіпті індет жағдайында төсек-орынмен қамтамасыз ету үшін облыста 845 төсек орналастырылды. Күнделікті бақылау басқа елдерден келген азаматтарға жүргізіледі. Мамандардың хабаралуынша, аймақта тәулік бойы жұмыс істейтін штаб құрылды. Сондай-ақ, сенім телефоны іске қосылды.
Облыста бұған дейін медициналық бетперделердің тапшылығы мәселесі туындаған еді. Проблеманы шешу үшін бірқатар кәсіпорын маска тігуге көшті. қазіргі уақытта облыс бойынша тәулігіне 25-30 мың дана өнім тігіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбылдық тергеушілер "бензин королінің" ісіне нүкте қойды
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы