Павлодар облысында 6000-нан астам мәдениет саласы қызметкерінің жалақысы өседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық салалық кәсіптік одақ Павлодар облыстық филиалының төрайымы Алма Қозыбаева Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы жайында өз ойымен бөлісті. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.

«Президент өз Жолдауында біздің халқымыздың әлеуметтік жағдайына және өмір сүру сапасына ерекше назар аударып отыр. Ол халыққа арнаған үндеуінде мәдениет саласына жеткілікті көңіл бөлінбей отырғандығын баса айтты. Бұл жай мәдениет саласы қызметкерлерінің төмен жалақысынан байқалады. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы мәдениет саласының жас қызметкерлері тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жеңілдікпен берілетін бағдарламаларға қатыса алмай отырғандығына назар аударды. Бүгінгі күні біздің кітапханашыларымыз, театрлардың әртістері, музейлердің қызметкерлері және тағы басқаларының еңбекақысы төмен екендігі баршаға мәлім», - деді Алма Қозыбаева. 

Филиал төрайымы мәдениет, спорт, туризм және ақпарат саласы қызметкерлері кәсіподағы қозғалысының көшбасшысы ретінде бүгінгі Жолдаудың орны ерекше екенін атап өтті. 

«Павлодар облысының 6000-нан астам мәдениет саласы қызметкерінің жалақысы артады. Сонымен қатар, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мүмкіндіктері болатындығын сезіну – үлкен қуаныш», - деді Алма Қозыбаева.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы