Павлодар облысында 6 жұмысшы көз жұмды

Павлодар облысының кәсіпорындарында 40 оқиға тіркеліп, салдарынан 45 жұмысшы зардап шекті. Алты жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Мамандардың айтуынша, өткен жылдың сәйкес кезеңінде өндірістік жарақаттану көрсеткіші 2%-ға азайды.

Биыл алты айда мемлекеттік еңбек инспекторлары тұрғындардың 700-ден астам шағымын қарастырды. Олардың басым бөлігі еңбек қарым-қатынастарына тиесілі. Яғни сұрақтардың көбі жалақыны уақытында төлемеуге қатысты. Бұл мәселе тұрақты бақылауымызда әрі шұғыл түрде шешуге тырысамыз. Мамандар қолға алған шаралардың нәтижесінде жұмысшылар алдында еңбекақы бойынша 208 млн теңгенің қарызы төленді. Осылайша, жүздеген жқмысшының құқықтары қорғалды. Шағымдар бойынша166 тексеріс жүргізілді. Мамандар 200-ден астам заңбұзушылықты анықтап, еңбек заңнамасын бұзған жұмыс берушілерге 250 әкімшілік ескерту жолдады. Сонымен қатар жалпы сомасы 7 миллион теңгеден асатын 73 айыппұл салды, - дейді облыстық еңбек басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абылай Сабыров.

Айта кетейік, өндіріс орындарында жқмысшылардың қауіпсіздігін қамту мен қайғылы оқиғаларды алдын алу мақсатында «Нөлдік жарақаттану – Vision Zero» концепциясы енгізілді. Концепция шеңберінде 31 кәсіпорын жұмыс істеп жатыр.

Еңбек қауіпсіздігін бақылау жұмыстарына өндірістік кеңес мүшелері де атсалысуда. Олар еңбек қарым-қатынастарын реттеу, жұмыс орындарындағы жарақаттануды алдын алу және ақпараттық жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар, тексеріс шараларына қатысады. Облыстық ірі кәсіпорындары тәжірибе алмасу жұмысын оң жолға қойып, озық технологияларды енгізіп жатыр, - дейді Абылай Сабыров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы