Павлодар облысында 4 кісі вирус жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы өңірде төрт тұрғынынан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады. 

1970 жылы туған әйел адамда және кәмелет жасына толмаған 2009 жылы туған қыз балада коронавирус инфекциясы расталды. Ал екеуі Екібастұз қаласының тұрғындары, олар 1972 жылы туған әйел адам және 1989 жылғы ер адам. 

3 науқас бұрын КВИ анықталған адамдармен қарым-қатынаста болғандар. 

Екібастұз қаласының тұрғыны 1972 жылы туған әйел адам пневмония диагнозымен провизорлы бөлімшеге жатқызылған, 2020 жылғы 20 сәуірдегі COVID-19 –ға алған талдау оң нәтиже көрсетті. 

Барлық оқиға бойынша қарым-қатынаста болған тұлғалар ортасы анықталуда, анықталған адамдарды оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Эпидемиологияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.  

Бүгінгі сағат 9:00-дегі жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясымен ауырған 30 оқиға тіркелді. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы