Павлодар облысында 4 балабақша карантинге жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі күні облыс көлемінде балабақшаға баратын балалар арасында КВИ-нің 77 жағдайы және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлері арасында 54 жағдай тіркелді.
Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Павлодар қаласында 22 желтоқсаннан бастап №23 балабақша жабылды. Кіші топтың тәрбиешісінде және екі баладан КВИ анықталған.
Екібастұз қаласындағы №20 балабақша карантинге жабылды, мектепалды даярлық тобындағы балалар арасында 2 жағдай тіркелді.
Ақсу қаласында «Балапан» балабақшасы (27 желтоқсанға дейін) мен № 2 балабақша (24 желтоқсанға дейін) карантинге жабылды: әрбір мектепке дейінгі мекемеде КВИ екі жағдайы тіркелді. Қазір балалар дәрігерлердің бақылауында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Енді студенттер студенттік билет ұстамайды
Өзгелердің жаңалығы