Павлодар облысында 3500 текше метрге жуық қар шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының үш қаласы (Павлодар, Екібастұз, Ақсу) мен үш ауданында (Ақтоғай, Железин, Ертіс) 3452 текше метр қар шығарылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Профилактикалық жұмыстарды жүргізуге ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардан, полиция департаментінен және ұйымдардан 937 адам, 390 бірлік техника, 30 бірлік мотопомпа жұмылдырылды, – дейді баспасөз қызметінде.

Ел аумағында су тасқыны жағдайы тұрақты. Өткен тәулікте үйлерді су басу және жолдарды су шаю фактілері тіркелген жоқ. 

Республикалық жедел штаб, сонымен қатар Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының ТЖД-да штабтар жұмысын жалғастыруда.

Көктемгі су тасқынынан туындаған ТЖ-ның қауіп-қатерін азайту мақсатында Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарында жергілікті атқарушы органдардың және ТЖМ бөлімшелерінің күштері профилактикалық жұмыстар жүргізуде.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы