Павлодар облысында 35 тонна астық ұрлаған ауыл тұрғындары ұсталды

Павлодар облысында 35 тонна астық ұрлаған ауыл тұрғындары ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ертіс ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Ертіс ауданының бір ауылының маңындағы егістік алқаптарынан дәнді дақылдарды ұрлады деген екі күдіктіні анықтап, ұстады.

 Барлығы 35 тонна астық ұрланған. Келтірілген зиян шамамен 5 миллион теңгені құрады, – дейді Павлодар облысы Ертіс ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Серік Үсенов. 

Ұсталғандар 28 және 42 жастығы Ертіс ауылының тұрғындары. Олар өз кінәларын мойындады. Ұрланған астық толығымен тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы