Павлодар облысында 340 млн теңгенің ұрлану дерегі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті Ақсу қаласындағы су құбырын қайта жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Ақсу қаласының құрылыс бөлімінің басшысы Мұздыбаев, «Дала» ЖШС директоры Рыспеков және техникалық қадағалау маманы Нұртазин іс жүзінде орындалмай атқарылған жұмыс актілеріне қол қойған. 

Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 340 миллион теңге, яғни аса ірі көлемдегі материалдық залал келтірілген. 

Ақсу қалалық соты Мұздыбаевты Қазақстан Республикасы Президентінің атына оны мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалінен айыру туралы ұсыныспен 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Рысбековты 9 жылға, Нұртазинді 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы