Павлодар облысында 300 гектар орман алқабы өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысындағы Көкжал орман шаруашылығының аумағында өрт болды, деп хабарлайды Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Орман шаруашылығы алабының №204 және 224 кварталдары отқа оранған.

Өрт туралы ақпарат 12:35-те түскен. Қызыл жалынмен күрестің13:03-те басталып, 17:33 ауыздықталды.

Шамамен 330 гектар болатын өрт шалған алапта ескі арам-шөптер мен 2018-2020 жылдардағы орман дақылдары болған.

Өртті сөндіруге 35 өрт сөндіруші мен тоғыз техника жұмыс істеген. Оттың шығу себебі пен келтірілген залал көлемі алда анықталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы