Павлодар облысында 3 млн теңге пара алған лауазымды тұлға сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы 3 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін сотталды.
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров онлайн брифинг кезінде айтты.
Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы О. Мұқашевқа қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша сотқа дейінгі тергеуді өндіріспен аяқтады.
Ол кәсіпорын директорынан 3 млн теңге көлемінде пара алғаны, жалпы қамқорлығы мен Павлодар облысының медицина мекемелері үшін залалсыздандыру құралдарын мемлекеттік сатып алу тендерінде жеңісті қамтамасыз еткені үшін күдікті болды, - деді Данияр Бигайдаров онлайн брифинг барысында.Оның айтуынша, сотталушы 30 наурызда Павлодар қаласының №2 сотының үкімімен Мұқашев орташа қауіпсіз мекемеде жазасын өтеумен 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы