Павлодар облысында 3 әкеден 11 млн теңгеден астам қаржы алимент өндірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының жеке сот орындаушылары 3 әкеден 11 638 529 теңге алимент қарызын өндіріп алды, деп хабарлады Сот орындаушылар палатасының баспасөз қызметі.

Павлодар қаласының тұрғыны екі баласына 9 жыл бойы алимент төлемеген. Жұмыс істемеген, істегісі келмеген, атында мүлкі де жоқ. Жеке сот орындаушының алимент төлеу жайлы ескертулерге мән бермеген. Тек қылмыстық жауапкершілікке тарту жөніндегі шаралардан кейін ғана 3 468 028 теңге көлемінде қарызын толығымен өтеген, - делінген хабарламада.

Екінші борышкер 6 жыл бойы бала туралы білгісі келмепті. Соманы толық жабуға мәжбүр еткен себеп - Қазақстаннан шығу болған. 3 366 674 қарызын жауып, басқа елге шыққан.

Үшінші борышкер төрт баласын 8 жыл бойы ұмытып кеткен. Жеке сот орындаушысы жұмыс барысында борышкердің атында BMW маркалы автокөлік тіркелгенін анықтаған. Оны сатуға жеткізбей, жауапкер 5 миллион теңгеге жуық қарызды толығымен өтеген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы