Жыл басынан бері 27 148 бас мал айыппұл тұрағына қамалды.
Полиция мәліметінше, рейдтер барысында жануарларын қараусыз қалдырған мал иелері анықталуда. Мәселен, Павлодар – Астана автожолының 168-шақырымында қараусыз жайылып жүрген жылқылар табылған. Оқиға орнында малшы болмаған.
Сондай-ақ Павлодар – Русская Поляна автожолының 6-шақырымында қараусыз жүрген жылқылар анықталды. Полиция мал иелерін анықтап, жануарларды айыппұл тұрағына орналастырған. Иелеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Жыл басынан бері облыста мал жаю талаптарын бұзған 1 794 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция мал иелеріне жануарларды қараусыз қалдырмай, олардың елді мекендер мен автомобиль жолдарына шығып кетпеуін қамтамасыз етуді ескертті.