Павлодар облысында 25 мыңнан астам адам жұмысқа орналасады

Биыл Павлодар облысында 25 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған. Тұрғындардың бір бөлігі ұлттық жобаларды жүзеге асыру шеңберінде екі қолға бір күрек таба алады, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мамандарының мәліметінше, осы күнге дейін төрт мыңнан астам тұрғын жұмыс тапты. Олардың қатарында «Технологиялық серпіліс», «Кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобалары бойынша жұмысқа орналасқандары бар.

Еңбек нарығында зейнет жасына дейінгі тұрғындарды жұмысқа орналастыруды көздейміз. Ол үшін «Күміс жас» жобасы жүзеге асырылуда. Биыл бағдарламаның бірқатар ережесі өзгертілді. Енді  бұл жабаға 50 жасқа дейінгі павлодарлықтар қатыса алады. Сонымен қатар, олардың жалақыларын субсидиялау мерзімі үш жылға ұзартылды. Жұмыс тәжірибесі жоқ жастар үшін «Бірінші жұмыс орны» жобасы іске асып жатыр. Ал биыл жас буын өкілдері үшін тағы бір пилоттық жоба қолға алынды. Мақсатымыз – жұмыссыз жүрген жастарды тауып, қолғабыс жасау, - дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова. 

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін тұрақты табысы жоқ 300-ге жуық жас анықталды. Жоба бойынша оларға жұмысқа тұру ммүмкіндіктері туралы хабарламалар жолданды. Нәтиже көп күттірмеді. Нақтырақ айтқанда, 118 адам жұмыссыз ретінде есепке алынды. 

Сала мамандарының айтуынша, жұмыссыздарға онлайн режимде кей дағдыларды меңгеруге мүмкіндік бар. Бүгінде арнайы платформада 72 сағатқа дейін созылатын 269 курс қолжетімді

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: inbusiness.kz
Өзгелердің жаңалығы