Павлодар облысында 25 мыңнан астам адам сақтандырылмаған

Павлодар облысында «Д» санаты бойынша сақтандырылмаған халықтың саны 25 мыңнан асады, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының басшысы Жангелді Шайымбетовтың айтуынша, қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жергілікті бюджет есебінен дағдарыс және шұғыл әл-ауқат деңгейі бар адамдарды сақтандырумен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қор филиалы әлеуметтік жағдайды анықтау мақсатында облыстағы алғашқы медициналық-санитарлық қызмет көрсету ұйымдарына, жеке тұлғаларды шақыру немесе түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Жеке тұлғалардың деректерін жаңарту бойынша олардың әлеуметтік мәртебесін көрсете отырып, азаматтарға хабарласу арқылы жұмыс жүргізілді. Облыс тұрғындарының 56 мыңнан астамының аударымдары бойынша уақытылы төлемдер жасалынбайды. 1500-ден астам адам ресми түрде жұмыспен қамтылмағаны анықталды. Жарналар мен аударымдарды уақытылы төлемейтін 7400-ден астам жеке кәсіпкер бар, - дейді Жангелді Шайымбетов.

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің жетекшісі Ержан Тоқтархановтың мәліметінше облыс тұрғындарының МӘМС бойынша қарызы 260 млн теңгеден асты. Бүгінгі таңда дағдарыс және шұғыл әл-ауқат деңгейі бар салымшылар саны 25 мыңнан асады.

Бес мыңнан астам азаматқа хабарлама жолданды. Қалалық және аудандық филиалдар тиісті жұмыстаржы атқарып жатыр. Қазіргі уақытта 10 млн теңге өтелді, - дейді Ержан Тоқтарханов.

Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, екі мыңға жуық азамат көрсетілген мекенжайларда тұрмайтын болып шықты. Тұлғаларды анықтау және оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы